Ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық!

 

Шымкент университетінің делегациясы “Ғылым және халықаралық қатынастар “ жөніндегі проректор б.ғ.д., профессор Исаева Ақмарал Өмірбековна бастаған топ А. Мицкевич атындағы Познань университетінің “Докторантураның нақты ғылымдар мектебінің “ директоры профессор Богуслава Леска және Познань университетінің профессоры Войцех Антковиак  кездесті.

 

- Ондағы басты мақсат ғылым және білім беру саласында ынтымақтастық байланыс орнату.

- Екі жақты меморандум аясында білім ордаларында ғылыми зерттеулер жұмыстарын жүргізу, оқытушылар мен білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық, тағылымдамадан өту мен халықаралық конференциялар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.

- Сонымен қатар Ополе университетінің Химия кафедрасының лаборатормясы мен танысып алдағы уақытта білім беру саласында озық тәжірибесі бар Шымкент университетімен ынтымақтастық орнату жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.

- Бұл халықаралық ынтымақтастық ғылым және білім беру жүйесін жаңа мүмкіндіктер береді.