Шымкент университетінің білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әзербайжан Республикасының Баку Славян университетінде білім алуды бастады.

Қазіргі таңда Баку Славян университетінде 4 білім алушы академиялық ұтқырлық аясында білім алуда:

* Мирахметова Дилера – 2 курс, «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы;
* Наматжанова Жасмина – 2 курс, «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы;
* Сайдиганиева Севинч – 2 курс, «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы;
* Юлдашев Жамшид – 2 курс, «Орыс тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы.

Академиялық ұтқырлық білім алушыларға халықаралық білім беру ортасында тәжірибе жинақтауға, кәсіби және тілдік құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орнының академиялық тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.

Шымкент университеті халықаралық серіктестік аясында білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту және олардың халықаралық білім беру кеңістігіне белсенді қатысуына жағдай жасауды жалғастырады.