«Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 21-24 қарашасында академиялық ұтқырлық аясында Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің «Жалпы педагогика» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Калдибекова Анаргул Сотбаровна 6В01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі,  6В01101 – Педагогика және психология,  7М01101 - Педагогика және психология білім беру бағдарламалары бойынша қонақ дәрістерін оқыды.
   Педагогика және психология ғылымдарын зерттеудің негізгі бағыттары мен оларды жүзеге асыру жолдарын түсіндіре отырып, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге шақырды. Қызығушылық танытқан студенттер бірқатар сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.