2023 жылы 17 Қараша күні Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында орналасқан Альфраганус университетінде «Третий Ренессанс - образование и развитие: прошлое, настоящее и будущее» тақытыбында I Халықаралық студенттік конференция болды. Конференцияның басты мақсаты - педагогикалық білім берудің шешілмеген проблемаларын талқылау.  Ғылыми іс-шараға қатысқан Шымкент университетінің оқытушылары, студенттері мен магистранттары,  білім беру және ғылыми байланыстарын дамытуға және оқушыға сапалы білім берудің тиімді жолдарын табу бағы­тында әзірлеген жаңа жобалары мен өзекті ұсыныстарын ортаға салды.