2024 жылы  қыркүйек айының екінші жартысында Республика көлемінде– "Отбасы күнін" атап өту және  ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау барысында Шымкент университетінде Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы" атты тақырыпта мерекелік іс-шара аталып өтілді. Отбасы институтының сақтау және нығайту  мәселесі мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып саналады.Мерекелік іс-шарада "Алтын шаңырақ" және "Күміс кереге" аттанған отбасылары қонақта болды.Олар: Айтбаевтар отбасы мен  жақында ғана Шымкент қаласы бойынша жылда өткізілетін "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының жеңімпазы атанған Бүркіт отбасылары болды.

Екі отбасы да өздерінің  халқымыздың рухани байлығының бірі – отбасы, шаңырақ  құндылықтары туралы білім алушы жастарға өнеге ретінде айтып отырды.

Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image