"Наурызнама" он күндігі – ұлт мерекесін тойлатудың жаңартылған форматында 17 наурыз - "Шаңырақ" мерекесіне орай Шымкент университетінде "Бір шаңырақ астында" атты мерекелік кеш өтті.

Шаңырақ - бірлік пен берекенің символы.

Бұл кешке Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері жиналып, бірлік пен достықтың ерекше атмосферасын қалыптастырды.

Кеш барысында Шаңырақ күніне байланысты қызықты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, белсенді қатысқан студенттерге құнды сыйлықтар табысталды.

Ән, би, көтеріңкі көңіл-күй және ұлттық құндылықтар барлығы бір шаңырақ астында тоғысты.

Бірлік бар жерде береке бар!