2026 жылдың 02-03 мамырында Баку қаласында өткен Study in Kazakhstan халықаралық білім көрмесі Қазақстанның жоғары оқу орындарын әлемдік деңгейде таныстыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Көрме İz.community ұйымдастыруымен өтіп, талапкерлер мен ата-аналарға Қазақстандағы білім беру мүмкіндіктері, заманауи бағдарламалар, гранттар және академиялық артықшылықтар туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.

Бұл ауқымды іс-шараға Шымкент университеті де белсенді қатысып, өз білім беру бағдарламаларын таныстырып, болашақ білім алушылармен тікелей байланыс орнатты.

Осындай халықаралық білім көрмелері – тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестіктер құруға және жастарға сапалы білімге жол ашуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.

Қазақстанда білім алу — болашаққа жасалған сенімді әрі маңызды қадам.