Жастар арасында заманауи ізденістің бағыт-бағдары.
Бүгін Шымкент қалалық Арнайы кітапханада «Бүгінгі көзқарас» – жастар арасындағы заманауи ізденістің бағыт-бағдарына арналған «Тағдырластар» клубының қараша айындағы кезекті кездесу кеші өтті. Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізді. Шараны кітапхана директоры Нысанбеков Ахат Қанатұлы ашып, жастарға жігерлі тілегін жеткізді.
Біздің Шымкент университетінің ұстаздары мен студенттері арнайы қатысып, өнер көрсетіп, өлең оқып, ән орындады. Айтыскер ақын Аруна Керімбек экран арқылы арнауын жолдап, көрерменнің ықыласына бөленді.. Сонымен қатар қызықты ойындар ойнатылып, түрлі сауалдар қойылып, оқырмандар белсенді жауап берді. Шара соңында мекеме басшысының атынан Шымкент университетінің студенттеріне белсенділік танытып, өнер көрсеткені үшін алғыс хаттар табысталды. Университет басшылығы да арнайы кітапханаға құнды сыйлық тарту етті.Жиналған жастар заманауи ізденістің бағыт-бағдарын талқылап, ой бөлісіп, естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Жастар арасында заманауи ізденістің бағыт-бағдары.
- Подробности












