2022 жылдың 19 қыркүйегінде ғылым істері жөніндегі проректор Н.Н.Әжіметов кафедра меңгерушілерімен, ғылыми-зерттеу институттарының директорларымен және ғылымға жауапты қызметкерлермен кездесті. Отырыста жоспарланған іс-шараларды одан әрі жүзеге асыру мәселелері талқыланды; жоғары нәтижелерге қол жеткізу, авторлық құқығын алу, енгізу актілері, Scopus (Elsevier) және Web of Science (Clarivate Analytics) агенттіктерінің дерекқорларына енгізілген рецензияланатын шетелдік басылымдардағы жарияланымдар мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Шымкент университетінде ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
- Подробности



