2025 жылдың ақпан айының 21.02. күні, “Құқық және тарих” кафедрасының оқытушылары т.ғ. к. Ж.О. Нурбетова мен магистр А. П. Туменбаеваның ұйымдастыруымен тарих мамандығының 1 курс студенттеріне белгілі қазақ тарихшы ғалым, т. ғ. д., профессор Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың 110 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелді т.ғ.к. Ж. О. Нурбетова ашып, тарихшының өмірі мен қазақ тарихына қосқан үлесі жайында қысқаша мәліметтер берді. Топ студенттері Сайып Қарақат және Сайлау Ұлан Сакенұлы Бекмахановтің өмірі мен шығармашылық жолына баяндама жасап, презентация көрсетті. Студенттер белсенділік көрсетіп, қызығушылықтарын танытты. Іс шараға “Құқық және тарих” кафедрасының оқытушылары т. ғ. к. А. Ж. Абдиханова мен магистр Г. Т. Қадыр қатысып өз ойларымен бөлісті. Іс шара соңында белсенділік танытқан студенттерге кітап сыйлыққа берілді. Дөңгелек үстел жоғары оқу орнына сай, қызықты өтті.