2025 жылдың 27-ші наурызында “Студенттік ғылым: жастар көзқарасы” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған конференцияның “Білім беру ғылымдардың даму тенденциясы” атты секциясында қазіргі заманның өзекті мәселелері талқыланып, білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары жоғары деңгейде жазылып, қорғалды.  Конференция барысында білім алушылардың үздік баяндамалары, бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болып, марапатталды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды. Бұл ғылыми жұмыстар ғылымға қосқан үлестерінің нәтижесі болды. Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және ғылыми жетекшілерге конференцияда көрсеткен белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз.