Шымкент университетінде

          Қаратау аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен 1-курс студенттеріне арналған «Егемен ел – жарқын болашақ» тақырыбында кездесу өтті.

          Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздігі, құқықтық мемлекет құндылықтары және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.

          Осындай кездесулер студенттердің білімін толықтырып қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға зор ықпал етеді.